«Рухани жаңғырудың филологиялық жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылдың 08 қарашасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Рухани жаңғырудың филологиялық жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция жұмысының басты бағыты Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған маңызды идеялар негізіне бағытталған.

Конференция барысын төмендегі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланып отыр: 

·         Қазақстан ақпараттық-семиотикалық кеңістікте

·         Латын әліпбиіне көшудің тиімді жолдары

·         Рухани Жаңғыру: Ұлттық код.

Конференция барысында  алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетел ғалымдарының қатысуымен cекциялардың жұмысы және  дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

          Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан және т.б. мемлекеттердің Қазақстандағы елшілік өкілдері  және шетелдік ғалымдары қатысады.

Конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді. Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен төленеді. Конференцияға қатысу үшін өтініштерін 2017 жылдың 5 қарашасына дейін жіберу қажет. 

Конференция қортындысы бойынша баяндамалар жинағы шығаруға жоспарланып отыр. Конференцияға қатысу баяндамаларын 2017 жылдың 20 қарашасына дейін жіберу керек. Жарияланым құны: тегін.

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қажымұққан көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын барлық сұрақтар мен ұсыныс тілектеріңізді төмендегі жауапты қызметкерлерге хабарласып білдіре аласыздар:

– Конференцияны ұйымдастыру бойынша сұрақтар:

Бейсенбай Ардақ Бақытұлы, қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі

Жұмыс тел.: +7 (7172) 70-95-00 ішкі (32-206/32-208); ұялы тел.: +77013657262

– Мақалалар жинағында жариялау бойынша сұрақтар:

Ахметова Маржан  Кәкімқызы, қазақ тіл білімі кафедрасының профессор м.а.

Жұмыс тел.: +7 (7172) 70-95-00 ішкі (32-206/32-208);

ұялы тел.: +77471162095

е-mail: qazaqtilbilimi@mail.ru

 

 

Ақпараттық хат