«Жоғары білім беруді дамытудағы инновация. Оқытудың жаңа заманғы әдістері мен технологиялары» атты әдістемелік семинар

2017 жылдың 4 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жоғары білім беруді дамытудағы инновация. Оқытудың жаңа заманғы әдістері мен технологиялары» тақырыпта университеттің ПОҚ-на әдістемелік семинар өткізіледі.

Семинардың мақсаты: университеттің білім беру қызметінде оқытудың озық тәжірибесі мен инновациялық технологияларды ендіру үдерісін белсендіру.

Семинар шеңберінде жоғары оқу жүйесіндегі кадрларды даярлау жүйесінде оқытудың мәселелері мен жаңа тәсілдері туралы сұрақтарды қарастыру жоспарлануда.

Семинарда Омск қаласының жетекші жоғары оқу орындарында біліктіліктерін арттырған оқытушылар баяндама жасайды.

Семинардың модульдері:

№ 1 модулі:  «Жоғары білім беруді дамытуда ииновацияны қолданудың шетелдік тәжірибесі», 303 ауд.;

№ 2 модулі:   «Оқытудың заманауи дидактикалық технологиялары», 302 ауд.;

№ 3 модулі:  «Оқытудың инновациялық технологиялары мен Дортмунд техникалық университетінің оқыту әдістемесі», 332 ауд.;

№ 4 модулі:  «Білім беру процесінде, басқару жүйесінде, ғылыми зерттеулер мен туындамаларда IT-технологияларды қолдану», 317 ауд.

Өткізу орны мен уақыты – оқу-әдістемелік ғимараты, сағ. 09.00-12.00.

 

 

Семинар бағдарламасы