Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Құрманаева Гүлмира Қасымбековнаның «6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық білім беру мазмұны» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалған. Қорғау тілі – орыс тілінде.
Рецензенттер:
Шерьязданова Хорлан Тоқтамысовна – психология ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры. Алматы қаласы.
Омаров Саят Құсайынұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Оқулық» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары. Алматы қаласы.
Ғылыми кеңесшілері:
Қалкеева Қамарияш Райхановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана қаласы.
Албена Чавдарова – педагогика ғылымдарының докторы, София университетінің профессоры. Болгария.
Қорғау 2017 жылдың 29 қарашасында сағат 14.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.
Мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Янушкевич көшесі – 6, ғимарат № 4, Мәжіліс залы (№106).