Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Аубакирова Сауле Джамбуловнаның 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Инклюзивті білім жағдайында болашақ педагогтардың жұмысқа деген деонтологиялық даярлығын қалыптастыру» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.
Диссертация С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орындалған. Қорғау тілі – орыс тілінде.
Рецензенттер:
Мирза Наталья Викторовна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік університеті, «Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық» кафедрасының меңгерушісі. Қарағанды қаласы.
Жуманкулова Еркын Нурсагатовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақ ұлттық өнер университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. Астана қаласы.
Ғылыми кеңесшілері:
Бурдина Елена Ивановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Павлодар қаласы.
Энн Мерфи – PhD докторы, Дублин технологиялық институты. Дублин қаласы (Ирландия)
Қорғау 2017 жылдың 30 қарашасында сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.
Мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Янушкевич көшесі, 6, ғимарат № 4, Мәжіліс залы (№106).