6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ізденуші Абыкенова Дария Болатовна (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абыкенова Дария Болатовнаның 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Виртуалды-білім беру ортасы жағдайындағы магистранттардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертация С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орындалған. Қорғау тілі – орыс тілінде.

Рецензенттер:

Мүбарақов Ақан Мұқашұлы – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Астана қаласы.

Мұқашева Манаргүл Өмірзакқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының доценті. Астана қаласы.   

Ғылыми кеңесшілері:

Бурдина Елена Ивановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Павлодар қаласы.

Энн Мерфи – PhD докторы, профессор,  Дублин технологиялық институты Дублин қаласы (Ирландия).

Қорғау 2017 жылдың 30 қарашасында сағат 14.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.

Мекен-жайы:  010008, Астана қаласы, Янушкевич көшесі – 6, ғимарат № 4, Мәжіліс залы (№106).