«Қазіргі филологиялық ғылым мен білімдегі интеграциялық үдеріс» атты Халықаралық Күзгі мектеп-семинар

2017 жылдың 30 қазан мен 10 қараша аралығында филология факультетінде «Қазіргі филологиялық ғылым мен білімдегі интеграциялық үдеріс» тақырыбында Халықаралық Күзгі мектеп-семинары өткізіледі. Күзгі мектептің спикерлері болып шетел лекторлары сөз сөйлейді: Платонов К.С., Вандышева Е.А., Кузнецова Е.О., Стрелкова С.Ю. («Экономиканың жоғарғы мектебі» Ұлттық зерттеу университеті, Санкт-Петербург қаласы, Ресей), Michael Wilding (DAAD, Неміс академиялық алмасу қызметі, Германия), Бахтикиреева У.М. (Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу қаласы, Ресей), Замалетдинов Р.Р., Юсупова А.Ш. (Қазан (Приволжский) Федералды университеті, Қазан қаласы, Ресей), Қазақстанның оқу орындарының өкілдері.

  Халықаралық күзгі мектеп-семинар шеңберінде «Университеттер мен қазіргі заманғы мегаполистер: Ресей мен Қазақстанның білім кеңістігі бойынша навигатор» тақырыбында мектеп-семинар, қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелері бойынша онлайн режимде жетекші ғалымдардың шеберлік сабақтары мен дәрістері ұйымдастырылды. Халықаралық күзгі мектеп-семинардың форматы тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. 

  Күзгі мектептің ашылуы 2017 жылдың 30 қазанында сағат 11.00-де 821 аудиторияда өтеді. (№ 5 оқу-зертханалық ғимараты, 8 қабат).

 Күзгі мектепті бітірген соң тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

 Барлық келушілерді шақырамыз!

  Күзгі мектепке қатысуға жазылу теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасында жүргізіледі (оқу-зертханалық ғимараты, 208 аудитория).