«Латын әліпбиі – тарихы, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 10  қарашасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Латын әліпбиі – тарихы, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізіледі.

Конференция  секциялары:

–    Латын әліпбиі- заман талабы;

–     Тіл білімінің өзекті мәселелері.

Конференция шеңберінде  Қазақстанда қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу мәселесінің жүзеге асырылу жолдарын  шешуге бағытталған өзекті мәселелер қарастырылады.

Конференция барысында  алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетел ғалымдарының қатысуымен cекциялардың жұмысы және  дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Конференцияға ғылыми мекемелер, кәсіпорындар    жетекшілері мен қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық  қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, ЖОО  профессорлық- оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференцияның басталу мерзіміне дейін  ғылыми мақалалар жинағын жариялау жоспарланады. Конференция бағдарламасына ену үшін   ұйымдастыру комитетіне қатысушының баяндамасы мен тіркеу формасын мемлекеттік және орыс тілінде электронды түрін (e-mail: almdosova@mail.ru)  2017  жылдың 06  қарашасына дейін  жіберу керек.

Конференцияға мақалалар тегін қабылданады. 

Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар қарастырылмайды. Мақала мазмұнының жауапкершілігі мақала авторына  жүктеледі.

Ұйымдастырушы комитеттің байланыс телефондары мен мекенжайы:

     – Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы.  Мекен-жайымыз: Қазақстан, 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47 үй, бас ғимарат, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;

     – Конференцияны ұйымдастыру бойынша сұрақтар:  тел.: 8 (7142) 39-01-89, 8-7054603582 (Досова Алма Төлегенқызы), 206 кабинет, факс: 8 (7142) 51-11-60;

     – Мақалалар жинағында жариялау бойынша сұрақтар: тел.: 8 (7142) 39-01-89, 206 кабинет.

   

Ақпараттық хат