Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялаған Даму мүдесіндегі тұрақты туризм халықаралық жылы және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Махамбет аудандық әкімдігі, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Ибн Батутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференцияның өткізілу күні: 2017 жылғы 8 қараша
Конференция тақырыбының негізгі бағыттары:
– Сарайшық қаласының зерттелуі, сақтау және дамытудың өзекті мәселелері
– Каспийдің Солтүстік-Шығыс өңірінің тарихи-мәдени мұралары
– Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар
– Каспий өңіріндегі көшпенділердің және қала мәдениетінің дамуы
– Тарихи орындарды насихаттаудағы музейлердің рөлі
– Отан тарихының мектеп бағдарламаларында оқытылуы
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференцияға Қазақстандағы және шетелдердегі тарих, филология, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары менмузей мамандары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатынаса алады. Конференция материалдары жинақ түрінде шығарылуына байланысты материалдарды алдын-ала тапсыруларыңыз сұралады.
Конференцияға қатысу үшін баяндамалар мәтіні ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2017 жылдың 20-қазанға дейін жіберілуі тиіс.
Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Б.Момышұлы көшесі 3-үй Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі, тел (факс) 8 (7122) 323 664, эл. пошта: atyrau-museum@mail.ru 060011, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, құрылыс 1, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 8(7122) 276323, эл.пошта: kense@asu.edu.kz