«Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылғы 27 қазан күні Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.   

Конференцияның басты мақсаты: Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің, «Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған Алаш арыстарының мұраларын насихаттау. Азаттықты аңсаған, сол жолда қызмет атқарған күрескер бабаларымыздың ұлы мұраты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жүзеге асқанын, Елбасы алға тартқан «Рухани жаңғыру» идеясы және Алаштың негізгі ұстанымдарының тығыз сабақтасып әрі жалғасып жатқанын, мемлекет тарихын көпшілікке дәріптеу, патриоттық қоғамды қалыптастыру.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1.                 1917 жылғы жалпы қоғамдық-саяси жағдай;

2.                 Алашорда көсемдерінің қызметі;

3.                 Алаш Ренессансы және ұлттық рухани жаңғыру.

Конференцияға шақырылатындар: белгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, музей-кітапханалардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, оқу орындары мен мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері, жас ғалымдар мен мамандар, оқытушылар мен студенттер.

Конференция жұмысына қатысуға ниеттілер ұйымдастырушылармен байланысқа шыға алады. Конференцияға қатысты материалдар, баяндамалар (мақала) тақырыбы мен мәтіндері 23 қазанға дейін e.ensebaev@astana.kz электрондық поштасына жолдану керек.  

Материалдар қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қабылданады. Қатысу үшін баяндамаларды 2017 жылдың 23 қазанына дейін мына мекенжайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,        11 (625 а кабинеті), Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасы.

Байланыс нөмірлері: 8(7172)556728, 87753350414 (Ержан Еңсебай).    

Электрондық пошта: e.ensebaev@astana.kz    

 

Ақпараттық хат