«Қазіргі жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық құқықтың рөлі мен орны» атты халықаралық ғылыми конференция

2017 жылдың 23 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Заң факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы) «Қазіргі жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық құқықтың рөлі мен орны» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Конференция келесі жұмыс секциялары бойынша өткізіледі:

1.      Халықаралық және ұлттық құқық: ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндері мен өзара сенімділіктің дағдарысы.

2.      Халықаралық аймақтық ұйымдардың құқығы: даму тенденциялары.

3.      Интеграциялық бірлестіктердің қызметін жүзеге асыру талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері.

4.      Адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі БҰҰ-ның шарттық органдары.

5.      Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі халықаралық-құқықтық ілімнің дамуы.

Конференция жұмысына шетелдік және жетекші қазақстандық ғалымдар; ЖОО, мемлекеттік органдар, министрліктер, ведомстволар мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері қатысады.

ISBN және шығыс деректерімен халықаралық конференция материалдары жинағы басып шығару жоспарда бар. Конференцияға сырттай және іштей қатысуға болады. Конференцияға өзге қаладан келіп қатысушылардың шығындарын жіберуші тарап көтереді.  

Конференцияның ашылуы: сағат 10:00.

Қатысушыларды тіркеу 2017 жылдың 22 желтоқсанында (Халықаралық құқық кафедрасында күні бойы жүргізіледі, № 219 каб.) басталып, 23 желтоқсанда «Күлтегін» атриумында (09:00-ден 09:45-ке дейін) жалғасады.