«Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Сіздерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының ұйымдастыруымен өтетін Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 2017 жылғы қараша айының 24 күні, сағат 10:00-де Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өтеді.

Конференция барысын төмендегі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланып отыр:

•        Алаш қозғалысының тарихнамасы және мәселелері;

•        Мемлекеттілік туралы Алаш идеясы;

•        Алаш және рухани жаңғыру идеясы.

Конференция– қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен төленеді.

Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2017 жылдың 15 қазанына дейін жіберу қажет.

Жарияланым құны: тегін.

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 54, ҚР Ұлттық музейі.

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын барлық сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі жауапты қызметкерлерге хабарласып білдіре аласыздар: Карикулова Маржан Шүкіржанқызы

Жұмыс тел.: +7 (7172) 91-90-35

ішкі (623);

ұялы тел.: +7 702 965 35 13

е-mail: alashastana2017@mail.ru

Әбдірахманов Серік

Амангелдіұлы

Жұмыс тел.: +7 (7172) 91-90-35

ішкі (623);

ұялы тел.: +7 701 186 27 63

е-mail: alashastana2017@mail.ru

 

Ақпараттық хат