«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы және оның қолданысының әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі» атты Халықаралық ғылыми форум

Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен  бірге 2017 жылдың 27 қазанында  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы және оның қолданысының әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі» атты Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында дөңгелек үстел форматында Халықаралық ғылыми форум өткізеді.
Форумның мақсаты: латын әліпбиіне көшу үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін және оның перспективаларын талқылау

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

1. Латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы

2. Қазақ тілі төл әріптерінің латын графикасында белгіленген жолдары

3. Латын әліпбиіне көшу үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі және оның перспективалары

4. Үндеу қабылдау

5. Куәліктер және сертификаттар тапсыру рәсімі

Жауапты хатшылар: 87715801859 – Исмайлова Оразкүл Айнабекқызы

8775 933 83 10 – Себдайырова Айгерім Маратовна

Ақпараттық хат