«Заманауи жағдайдағы филология мен педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Сулейман Демирель атындағы университет, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан Республикасы Орталық мұражайы, Қолданбалы тіл білімі қауымдастығы, Қазақстан ғалым әйелдерінің Республикалық қоғамы 2017 жылдың 29-30 қарашасында көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанованың 70 жасқа толуына орай өткізілетін «Заманауи жағдайдағы филология мен педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференция 2017 жылдың 29-30 қарашасында Сүлеймен Демирел атындағы универитетте өтеді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстандағы қоғамдық сананың серпілістері негізінде адам капиталының жаңа параметрін қалыптастыруға бағытталған қазақстандық филология мен педагогиканың мақсат-міндетін анықтау. 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласындағы қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері

2. Адам капиталы теориясының бастау ұғымдары

3. Заманауи жағдайдағы қазақ филологиясының теориясы мен практикасы

4. Педагогика: тұлғаны оқытып, тәрбиелеудің инновациялық жолдары

5. Қазақстан филологиясындағы ағылшын тілінің қызметі мен орны

6. Гендерлік фактор: дәстүрлі және заманауи мәдениеттер сабақтастығы және білім

7. Аксиология – студенттің ұлттық-мәдени сәйкестігін қалыптастырушы қор

8. Оқу үдерісінде материалдық мәдениет, салт-дәстүр мен қарым-қатынас әдебін үйлестіру

9. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы когнитивті филологияның орны  

Конференция қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Тіркеу жарнасы: 3000 теңге.

Қатысу талаптары: іссапар шығындары – қатысушы жақ тарапынан, салтанатты кешкі ас, тамақ, мәдени бағдарлама конференцияға шақырушы тарапынан төленеді. 

 Конференция материалдары Павлодар мемлекеттік университетінің бюллетенінде жарияланады. С.Торайғыров Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті ұсынған журналдар тізіміне енгізілген.

Ұйымдастыру комитеті:   010000,  Қазақстан Республикасы,  Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 3-қабат, 313-каб. Байланыс телефондары: 8 707 398 3545; 8 775 769 4079; 8 777 213 9003; alm-ornai@mail.ru.

Ақпараттық хат