«Білім мен ғылымның дамуының химия, биология, экология және география бойынша заманауи бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың қазан айының 27-28 күндері «Білім мен ғылымның дамуының химия, биология, экология және география бойынша заманауи бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.        

Конференцияға отандық және шет елдік ғалымдар, мұғалімдер, жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары мен студенттері шақырылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1.      Қазіргі таңдағы химия және химиялық технологияның өзекті мәселелері

2.      Биология, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және экология салаларының инновациялық жетістіктері.

3.      Географиялық ғылым және білім: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы

4.      Инновациялық білім беру- педагогикалық шеберлікті дамытудың негізі

Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Мақала мәтіні 5 беттен аспауы тиіс. Жариялау құны 3000 тенге. Квитанциялардың көшірмелері (банктік мәліметтер төменде келтірілген) электронды почтаға (квитанцияның көшірмесі текстің соңында болуы керек) жіберілуі керек. Мақалалар 2017 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады. Іс-сапар шығындары қатысушылардың есебінен.

Конференцияға қатысу өтініштері тек электронды түрде қабылданады.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек.

Конференцияны ұйымдастыруға жауапты:

Қуанышева Жанар Қадыржановна – п.ғ.к.,қауым.проф.м.а.,e-mail: zh_ kuanisheva @mail.ru, ұялы тел: 87773201030, тел: 8(727) -233-02-53  

Секциялар бойынша жауаптылар:

1.      bakshat_83@mail.ru (Изтелеу Бақшат Маратқызы), 87773710238 (химия)

2.      guljan_87-08@mail.ru (Сауранбаева Гульжан Кемелбековна) 87017807950 (биология, экология)

3.      makpal_25071986@mail.ru(Тоқсабаева Мақпал Ербосыновна), 87078053801(география)

4.      bakshat_83@mail.ru (Изтелеу Бақшат Маратқызы), 87773710238 (педагогика)

Жарияланым мақалалары электронды және қағаз түрінде мына мекен жайда қабылданады: 050000, Қазақстан, Алматы қаласы, Әйтеке би 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 330, 329 кабинеттер, тел: 8 (727) -233-03-52.

Ақпараттық хат