«Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас» атты халықаралық конгресc

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2017 жылдың 20-21 қазан күні өтетін «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас» атты халықаралық конгреске шақырамыз.

Конгресcке Қазақстан Республикасының Ғылыми педагогикалық қоғамының өкілдері, ЖОО-ның басшылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, Қазақстанның және алыс, жақын шетелдердің беделді ғалымдары, доктаранттары, магистранттары шақырылады.

Конгрессте қаралатын өзекті мәселелердің бірі – білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру болып табылады.

Конгресс жұмысының басты бағыты Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған маңызды идеялар негізіне бағытталған. Елбасымыздың аталмыш мақалада айтқан келесі сөздері конгресстің негізгі ұраны болып табылады: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастары­мызға басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».

Талқыланатын мәселелер:

I.     Латын әліпбиіне көшудің мәселелері мен жетістіктері

II. Білім беру мен оқытудың болашағы: Білім берудің Қазақстандағы тренді

III.   Білім беруді интернационалдандыру

IV. Рухани жаңғыру. Ұлттық код

V. Schools of Excellence

VI. Рухани жаңғыру: ХХІ ғасыр мұғалімі

Конгресстің негізгі миссиясы– серіктес ЖОО-мен өзара ғылыми қарым-қатынас ету, білім беру аясында ғылыми-зерттеу тәжірибесімен және жұмыс нәтижесімен алмасу. Конгресс форматы:

пленарлық отырыс;

панельді дискуссиялар;

семинар-тренингтер және шеберлік сыныптары (қатысушыларға сертификат беріледі);

ғылыми конференция,Web of Science-қа кіретін мақалаларды жариялау;

Конгресс аясында:

Заманауи білім беру мәселелері бойынша панельді дискуссиялар өтеді

Панельді дискуссиялар тақырыбы:

1.    Рухани жаңғыру. Ұлттық код

2.    Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымдары, жаңа белестері.

3.      Білім беру мен оқытудың болашағы:Білім берудің Қазақстандағы тренді

4.      Білім беруді интернационалдандыру

5.      Рухани жаңғыру: ХХІ ғасыр мұғалімі

6.      Schools of Excellence

Конгресс аясында үш бағыт бойынша ғылыми конференция жұмыс жасайды:

Педагогика және психология

1.                  Мектепке дейінгі және бастауыш оқытуды модернизациялау: жағдайы, мәселелері және оларды шешу жолдары;

2.                  Педагогикалық ЖОО жағдайында дуалды білім беруді ендірудің ерекшеліктері;

3.                  Заманауи білім беру кеңістігіндегі тұлғаның креативті дамуы;

4.                  Ерекше білім беру қажеттілігіне ие балаларға білім беру;

5.                  Қазақстандағы көптілді білім беру жағдайында CLIL шеңберінде оқыту.

Жаратылыстану ғылымдары бағыты

1.                  Функционалдық талдау және оның қолданыстары.

Филология және қоғамдық ғылымдар

1.       Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу. Графикалық модернизацияның мәселелері;

2.        Болашақ мұғалімдерді тілдік даярлау: әдістеме, тәжірибе, мәселелері;

3.    Мәңгілік ел идеясы мен Ұлы Дала Елі құндылықтарындағы қазақстандық прагматизм;

4.    Рухани Жаңғыру Ұлттың болашаққа жолы;

5.    Қазақстан тарихының зерттелу негіздері әдіснамасы қазіргі заман талабы мен рухани жаңғыру арнасында.

Баяндаманы мына мекен-жайға жіберіңіздер:

080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ.,

Төле би көшесі, 68. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,

Ғылым бөлімі. 210 кабинет («ТарМПИ конгреске) деп көрсетілсін.

Телефондар: (8 7262) 51-00-45

+77027981040 Исабекова Гүлнұр Болатбекқызы 

e-mail: congresstargpi@mail.ru 

Сайттың адресі: http://conference2017.tarmpi.kz

Ұйымдастыру жарнасы -3000 тг.

Ақпараттық хат