«Нәзір Төреқұлов – көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым және публицист» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың қараша айының 1-2 күндері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың туғанының 125 жылдығына арналған «Нәзір Төреқұлов – көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым және публицист» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция материалдарының жинағы алдын-ала жарық көреді.

Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

·         Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің тарихы

·         Нәзір Төреқұлов және Түркістан өлкесінің мәселелері

·         Латын графикасына негізделген жаңа түркі әліпбиін жасаудағы Нәзір Төреқұловтың қызметі

·         Қазақстан дипломатиясы және Нәзір Төреқұлов

·         Нәзір Төреқұлов – журналист, баспагер және ғалым-лингвист

Баяндама мәтіндері 2017 жылдың қазан айының 20-сына дейін қабылданады.

Конференцияны ұйымдастыру комиссиясының мекен-жайы: Б.Саттарханов даңғылы, Бас ғимарат, 517 каб. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Тарих» кафедрасы.

Байланыс тел: сот. 87017287276; Хазретәлі Маханұлы Тұрсұн. E-mail: tursunhazret@mail.ru; 87017059693, Гауһар Батырбекқызы. E-mail: goha_batyr@mail.ru

Ақпараттық хат