«Мүйізді бұғы шаруашылығының Қазақстан Республикасында және шекаралас аймақтарда дамуы: мәселелері, ізденістері және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Мүйізді бұғы шаруашылығының Қазақстан Республикасында және шекаралас аймақтарда дамуы: мәселелері, ізденістері және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз

Конференция ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларына, мүйізді бұғы шаруашылығының мамандарына, аграрлық және биологиялық мамандықтар аспиранттары, Phd докторанттары, магистранттары, студенттеріне арналған.

Конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланған:

·        Марал шаруашылығының заманауи мәселелері мен инновациялық жетістіктері;

·        Маралдарды азықтандыру және азық технологиясы;

·         Маралдардың жұқпайтын аурулары мен зат алмасу ауруларын арнайы емдеу және сауықтыру құралдарын, диагностика әдістерін жетілдіру;

·         Маралдардың жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және кұресу шараларының инновациялық технологиялары;

·         Марал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиялары.

Конференцияға қатысу үшін электронды формадағы өтінішті толтырып, конференция тақырыбы бойынша материал дайындап, талап бойынша өңдеп, 2017 жылдың 20 қазанына дейін pantovoe.olenevodstvo.17@mail.ru мекен-жайына, хаттың атын – «Конференцияға қатысуға өтініш» деп жіберу қажет (өтініш формасы мен мақалаға қойылатын талаптар қоса беріліп отыр). 

Конференция қортындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарланып отыр. Материалдар жинағына   ISBN, УДК және ББК кодтары беріледі.   

Конференцияға қатысу тегін, қатысушылардан ұйымдастыру жарнасы жиналмайды.

Маңызды мерзімдер:

20 қазан  2017 жыл – Мақала қабылдау уақытының аяқталуы

25  қазан  2017 жыл –Конференция материалдары жинағының шығарылуы

1 қараша  2017 жыл – Жинақты тарату

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мүйізді бұғы шаруашылығының, марал шаруашылығының мәселелері көтеріледі, олардың шешілу жолдары, саланың келешегі мен дамуының өзекті сұрақтары қарастырылады. 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сатпаев көшесі, 2 , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Байланыс телефондары: 8(717) 270-95-30 (Н.Л. Шапекова, факультет деканы, ұйымдастыру комитеті төрағасы),

87075611281 – Қ.М. Әубәкірова, 87711788833 – С.Ж. Түсіпов,

87078605384  – А.С. Қойгелдинова

E-mail: pantovoe.olenevodstvo.17@mail.ru

 

 

Ақпараттық хат