«ІX Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2017 жылдың  17 қарашасында «ІX Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер (жетекшісімен бірге) шақырылады.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша өнеркәсіптің және қазіргі ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін қарастыру жоспарлануда:

·         С. Торайғыровтың және Павлодар облысының басқа белгілі тумаларының мәдени және рухани мұрасы

·         «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

·         Еңбек нарығы мен білім беру қызметтерінің қазіргі жағдайы

·         Қазіргі кездегі оқу үрдісінің барысы және көптілді білім берудің дамуы

·         Психология ғылымы дамуының мәселелері. Көшбасшы психологиясы

·         БАҚ дамуының үрдісі және журналистикадағы заманауи медиатехнологиялар

·         Әдебиет және филологияның өзекті мәселелері

·         Қазақ филологиясы

·         Орыс филологиясы

·         Шет тілдер филологиясы

·         Тарих, археология және этнографияның маңызды мәселелері

·         Әлеуметтік-гумманитарлық ғылымдар. Көшбасшылық философиясы

·         Биология және экологияың өзекті мәселелері, табиғи ресурстарды қолдану және техногендік ластану

·         Географиялық зерттеулердің қазіргі көрінісі

·         Туризм елдің дамуындағы ең перспективалық  салалардың  бірі

·         Тұрғындарың денсаулық жайының өзекті мәселелері. Дене шынықтыру және спорт

·         Мемлекттік басқару және мемлекеттік қызмет

·         Павлодар облысының экономикасы: ахуалы, мәселелері, болашағы

·         Қаржы мен есептің қазіргі мәселелері

·         Павлодар облысының құқықтық жүйесінің даму бағыты

·         Металлургиялық кластердің қазіргі жағдайы және дамуы

·         Қазіргі кезеңдегі машина жасаудың индустриялық-инновациялық дамуы

·         Көлік инфрақұрылымы мен тасымал үдерісінің ахуалы және дамуы

·         Мұнай және газ саласының қазіргі ахуалы

·         Энергетиканың дамуы

·         Автоматтандыру мен телекоммуникациялардың дамуы

·         Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

·         Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы

·         Құрылыс материалдарының өндірісі

·         Қазіргі архитектура және дизайн

·         Кәсіпорындардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік

·         Биотехнологиялар және ауыл шаруашылқ өнімдерін қайта өңдеу

·         Өсімдік шаруашылығының дамуы

·         Мал шаруашылығының дамуы

·         Кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және неміс.

Конференция материалдары жинағында жариялау үшін мақаланы 2017 жылдың 25 қазанына дейін жауапты хатшының электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Мақала мен тіркеу парағы бір хатпен жіберілуі керек және мақала авторының фамилиясымен аталуы тиіс (бірлесіп жазған жағдайда бірінші фамилия жазылады).

Ғалымдар үшін жинақтың бағасы – 3000 теңге, магистранттарға, студенттерге – 2500 теңге, ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге. Жарна әрбір мақала үшін міндетті түрде төленуі тиіс. Төлеу кезінде түбіртекте «ІX Торайғыров оқулары» деген белгі жасау қажет.

Жинақты алу кезінде төленген туралы түбіртектің түпнұсқасын көрсету қажет. Басқа қала қатысушылары жинақты алу мәселесі бойынша төменде көрсетілген ұйымдастыру комитетінің телефонына хабарласу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй,
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті),
тел.: 8 (718-2) 67-36-83 (ішкі: 11-12, 11-14), ұялы тел. 8 705 409 10 26.

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және қонақ үйге өтінімді 2017 жылдың 25 қазанына  дейін хабарлауыңызды сұраймыз.

Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.

 

 

 

Ақпараттық хат