27 қыркүйек күні Астана қаласында «Қазақстан – Корея достығы бағы» саябағының ашылуы өтті.
Қазақстандағы Оңтүстік Корея Елшілігінің шақыруымен аталмыш шараға Еуразия ұлттық университетінің халықаралық байланыстар және инновация жөніндегі проректоры Б.Ж. Сомжүрек қатысты.
«Қазақстан – Корея достығы бағы» – екі ел арасындағы достықтың жаңа символы. Айта кететін жәйт, саябақтың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Оңтүстік Кореяның жетекші ЖОО-ларымен, атап айтқанда, Андонг ұлттық университеті, Корё университеті, Сеуіл ұлттық университеті, Пусан шет тілдер университеті, Инчхон университеті, Гёнсанг университеті және Кенджи университетімен өзара ынтымақтастық байланыста.