«Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттырудағы инновация: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбындағы Республикалық семинар-кеңес

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының әрекеттік жоспарына сәйкес «Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттырудағы инновация: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбындағы Республикалық семинар-кеңес жұмысына қатысуға шақырады.

Мақсаты – Инновациялық педагогикалық технологияларды игеру аясындағы үздік отандық және әлемдік тәжірибелерді жинақтау және тарату.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысушылар: республиканың жоғары оқу орындарының ғалымдары мен өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының мамандары, әдіскерлері.

          Семинар-кеңес жұмысы пленарлық отырыс түрінде өткізіледі. Материалдарды (мақалалар) аналитикалық баяндама түрінде келесі бағыттар бойынша ұсынуға болады:

·      Инновациялық педагогикалық технологияларды игеру аясында ЖОО педагогикалық мамандықтары ПОҚ-ның инновациялық қызметі мен біліктілігін арттыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

·      Инновациялық педагогикалық технологияларды игеру аясындағы үздік педагогикалық және әлемдік тәжірибелерді тарату, оларды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу;

·      Инновациялық режимде жұмыс істеуші педагогтардың практикалық іс-әрекетін сараптау, инновациялық жобаларды білім беру үдерісіне енгізу.

Өткізілетін күні: 2017 жылдың 30 қарашасы, сағат 10.00-де

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың мақалаларын Республикалық семинар-кеңесі басталғанға дейін жариялауды жоспарлап отыр.

Республикалық семинар-кеңеске қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысуға сұраныс (тіркеу формасын) және мақаланың электронды түрін 2017 жылдың 20 қазанына дейін жіберу қажет.

Баяндама материалдары және тіркеу формалары 2017 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитетіне талаптарға сай рәсімделмеген және белгіленген мерзімнен кейін жіберілген материалдар жинаққа енгізілмейді.

Семинар-кеңес қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Мақалалар мына мекен жайға жіберіледі:

050012,

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Амангельды көшесі, 61 үй

e-mail: mop.kafedra.12@mail.ru

телефондар: 8-(727)-385-79-43

Сарсенбаева Айнур 8 777 001 40 23, Исалдаева Сабира 8 776 272 66 55

Ақпараттық хат