Түркі тілдес елдер Математикалық қоғамының VI Конгресі

2017 жылдың 2-5 қазан арлығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Түркі тілдес елдер Математикалық қоғамының VI Конгресі (TWMS 2017) өтеді. 

Конгрестің негізгі мақсаты – түркі тілдес елдер ғалымдарының өзара  халықаралық байланыстарын кеңейту және ғылыми ынтымақтастығын арттыру, математика мен ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде қолдану.

Конгреске қатысуға 250 адам, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Тәжікстан, Сербия, Ирак, Алжир және АҚШ  сияқты елдердің жетекші ғалымдары шақырылды.

Пленарлық отырыста қазақстандық математикалық қоғам президенті Бақытжан Жұмағұлов, түркі тілдес мемлекеттердің математикалық қоғам президенттері баяндама жасайды: Қырғызстандағы TWMS  президенті Алтай Борубаев; Әзірбайжандағы TWMS  президенті Фикрет Алиев, Түркиядағы TWMS  президенті Етибар Панахов және т.б.

Конгресс бағдарламасы пленарлық баяндамалар, симпозиумдар мен секциялық отырыстарды қамтиды.

Конгресс барысында дифференциалдық операторлар және спектралдық мәселелер бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Мұқтарбай Өтелбаевтың 75 жылдығына арналған «Пәнаралық байланыстардағы функционалдық анализ» халықаралық конференциясы өткізіледі.

Анықтама үшін. Түркі тілдес елдердің Математикалық қоғамының халықаралық Конгресі үш жылда бір рет өтеді. 

Түркі тілдес елдердің Математикалық қоғамының І Конгресі 1999 жылы Түркияда, Фират университетінде (Элазиг), II Конгресі –  2007 жылы  Сакария университетінде  (Адапазары, Түркия), III Конгресі –2009 жылы Қазақстанда, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде  (Алматы, 30.06.-4.07.2009), IV Конгресі –  2011 жылы Әзірбайжанда,  Баку  университетінде, V Конгресі –2014 жылы  Қырғызстанда, Ыстықкөл жағасында өтті.

Конгресс жайлы қажетті ақпаратты http://twms-astana-2017.kz. сайтынан табуға болады.

Конгресстің ашылуы: 2017 ж. 2 қазан, сағат 10:00

Өтетін жері: Астана қ., Қ.Сәтбаев көшесі,2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Тұңғыш Президент аудиториясы (208),

– № 3 оқу корпусының  118, 119, 209, 219, 223, 224, 225, 227, 229  ауд. (мех-мат, АҚФ).