Шетелде білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
2017-2018 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды.
Құжат қабылдау 2017 жылдың 16 қазанына дейін жалғасады. Бағдарламаға 2-3 курс студенттері мен 1 курс магистранттары қатыса алады.
Қажетті құжаттар мен серіктес ЖОО-ның тізімін төмендегі сілтемеден табуға болады http://www.enu.kz/ru/sotrudnichestvo/obuchenie-po-obmenu/ (www.enu.kz => сотрудничество => академическая мобильность).
Толық ақпарат алу үшін Халықаралық білім беру бағдарламалар бөліміне (407 каб., ОӘК) келуіңізді сұраймыз.
Қосымша:
Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 2017 жылдың 1 қазанынан басталады.
.