«Өндіріс, білім және ғылымның заманауи жетістіктері: мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер! 

Қазақстан инженерлік–педагогикалық Халықтар достығы университетінде өтетін х.ғ.д., академик Ә.М. Қуатбековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Өндіріс, білім және ғылымның заманауи жетістіктері: мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.

Конференцияда  келесі ғылыми секциялар өз жұмысын жүргізеді:

1. Химия ғылымындағы, химиялық және мұнайхимиялық өнімдерді қайта өңдеудегі заманауи көзқарастар;

2. Өнеркәсіптік технология мен инжинирингтің даму мәселелері;

3. Жаһандану жағдайында мемлекеттің даму перспективалары мен экономиканың модернизациясы;

4. Білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары;

5. Заманауи тұрғыдағы қоғам дамуының құқықтық аспектілерін жетілдіру;

6. Қазіргі заман талабына сай әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның даму перспективалары;

7. IT технология – сапалы білімнің негізі.

8. Мақала қолжазбасын (электронды немесе қағаз түрінде) мына мекен-жайға жіберуге болады: 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі 32, Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі (107 каб) тел: +8702-337-22-22 (87252-95-23-09) E-mail: nauka.kipudn@mail.ru немесе info@kipudn.kz

Конференция тікелей және онлайн режимінде қатысу арқылы үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша, ағылшынша. Конференцияға қатысу үшін мақала мәтінінің электронды нұсқасы, электрондық поштамен (бет нөмірі көрсетілмей) немесе кағаз түріндегі нұсқамен қоса, қолма – қол конференцияны ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.Ұйымдастыру жарнасы: шет елдік азаматтар үшін 15 АҚШ доллары (4800 тенге), ал Қазақстандық азаматтар үшін – 3500 теңге.

 

 

Ақпараттық хат