«Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас» атты халықаралық конгресс

2017 жылдың 20-21 қазанында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас» атты халықаралық конгресс өтеді. 

Талқыланатын мәселелер:

I. Латын әліпбиіне көшудің мәселелері мен жетістіктері

II. Білім беру мен оқытудың болашағы: Білім берудің Қазақстандағы тренді

III. Білім беруді интернационалдандыру

IV. Рухани жаңғыру. Ұлттық код

V. Schools of Excellence

Конгресс аясында заманауи білім беру мәселелері бойынша панельді дискуссиялар өтеді.

Панельді дискуссиялар тақырыбы:

1.     Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымдары, жаңа белестері.

2. Білім беру мен оқытудың болашағы:Білім берудің Қазақстандағы тренді

3. Білім беруді интернационалдандыру

4. Schools of Excellence

5. Рухани жаңғыру. Ұлттық код.

Ғылыми конференция үш бағыт бойынша жұмыс жасайды:

Педагогика және психология

1.     Мектепке дейінгі және бастауыш оқытуды модернизациялау: жағдайы, мәселелері және оларды шешу жолдары

2.     Педагогикалық ЖОО жағдайында дуалды білім беруді ендірудің ерекшеліктері

3.     Заманауи білім беру кеңістігіндегі тұлғаның креативті дамуы

4.Ерекше білім беру қажеттілігіне ие балаларға білім беру

   5. CLIL as an Approach to Foreign Language Learning in Kazakhstan under Conditions of Polylingual Education. Қазақстандағы көптілді білім беру жағдайында CLIL шеңберінде оқыту

Жаратылыстану ғылымдары бағыты

1.     Функционалдық талдау және оның қолданыстары

Филология және қоғамдық ғылымдар

1.          Рухани жаңғыру: Латын әліпбиіне көшу. Графикалық модернизацияның мәселелері

2.     Болашақ мұғалімдерді тілдік даярлау: әдістеме, тәжірибе, мәселелері

3 Мәңгілік ел идеясы мен Ұлы Дала Елі құндылықтарындағы қазақстандық прагматизм.

4. Рухани Жаңғыру Ұлттың болашаққа  жолы

5. Қазақстан тарихының зерттелу негіздері әдіснамасы қазіргі заман талабы мен рухани жаңғыру арнасында.

Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге.

Баяндаманы мына мекен-жайға жіберіңіздер:

Пошта мекен-жайы 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ.,

Төле би көшесі, 68. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,

Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімі. («ТарМПИ конгреске) деп көрсетілсін.

Телефондар: (8 7262) 51-00-45.

Электрондық пошта: congresstargpi@mail.ru

 

 

Ақпараттық хат