«NURINTECH» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауы

«NURINTECH» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауы өтеді. Байқау ұйымдастырушысы – «Нұр Отан» партиясы. Байқауға қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 18 мамырынан бастап қабылданады. Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру.

Байқау номинациялары:

  • «Әлеуметтік маңызды инновациялар»

  • «Техностарт»

  • «Үздік жас ғалым»

  • «Жастардың инновациялық жобасы»

  • «Перспектива»

Байқауға қатысуға келесі тақырыптардағы инновациялық жобалар қабылданады:

  • Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі;

  • Жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу);

  • Химиялық технология, нанотехнология және биотехнология;

  • Өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс;

  • Агроинновация (өнеркәсіптік технология және қндіріс);

  • IT және авиағарыш технологиясы;

  • Медицина, медициналық техника және технология, фармация;

  • Табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу;

  • Робототехника;

  • Жол қозғалысының қауіпсіздігі;

  • Үздік лайфхак;

  • 3D баспа және жаңа материалдар;

  • Гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар;

  • Экологиялық инновация;

  • Наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация;

  • Білімдегі инновация.  

Жалпы жүлде қоры – 8 000 000 теңге. Байқауға қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 15 қазанына дейін nurintech@nurotan.kz электронды мекен-жайда қабылданады.

Байланыс: 010000, Астана қаласы, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1, 602/4 кабинет, тел.: +7 7172 70 76 84.

 

Байқау туралы Ереже

Қатысушы сауалнамасы