«Заманауи білім беру жүйесі: көптілдік векторы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың 6 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Минск мемлекеттік лингвистикалық университетпен бірлесе филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, шетел филологиясы кафедрасының профессоры Нұрахметов Ермахан Нұрахметұлының 70-жылдық мерейтойына арналған «Заманауи білім беру жүйесі: көптілдік векторы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Талқыланатын сұрақтар:

*Көптілдік білім берудегі негізгі бағыт ретінде

*Заманауи лингвистиканың және шетел филологиясының өзекті мәселелері

*Шетел тілінің фонетикалық және фонологиялық аспектілері

*Лингвистика мен лингводидактикадағы көптілдік коммуникация құбылысы

*Әдебиеттану және аударма

Семинар жұмысына ғалым-филологтар, орта және жоғары білім беру саласының оқытушылары, мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының қызметкерлері және шетел тілдерін, шетел тілді коммуникация мен шетел филологиясының оқытушылары, шетел тілдері бойынша мамандарды теориялық және практикалық даярлау мәселелерімен айналысатын қызметкерлер шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ, беларус, орыс, ағылшын, неміс, француз.

Материалдар конференция алдында арнайы жинақта шығарылады және электронды нұсқасы университеттің сайтына жүктеледі.

Қатысу ақысы – 4000 теңге.

Қатысуға өтініш 2017 ж. 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Электронды почта: conference.enu2017@gmail.com («Конференция» деген тақырыппен) немесе келесі мекен-жайымыз бойынша: Қазақстан, Астана қ, Мұңайтпасов көш., 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, филологиялық факультет, шетел филологиясы кафедрасы, 328 каб.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 709-500 (ішкі: 32-318).

Өтетін орны: Астана, К.Мұнайтпасов көш., 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертаханалық ғимараты

Басталуы: сағат 10.00

 

 

 

Ақпараттық хат