Құрметті 1 курс студенттері! Университетімізге оқуға түсулеріңізбен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Төмендегі ақпаратқа назар аударып, құжатты өткізулеріңізді сұраймыз:
Ата–анасынан айырылған (толық жетім) студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында:
1. Жеке төлқұжат (көшірмесі)
2. Факультет деканатынан анықтама
3. Ата – анасының қайтыс болғаны туралы куәлік (көшірмесі)
4. Қамқоршысын тағайындау туралы құжат (көшірмесі)
Мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) студенттерді есепке алу мақсатында:
1. Жеке төлқұжат (көшірмесі)
2. Факультет деканатынан анықтама
3. Мүгедектік туралы анықтама
Құжат өткізетін уақыты: 2017 жыл, 25 қыркүйекке дейін
Құжат өткізетін орны: Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменті, (Бас ғимарат, 122 кабинет)
Байланыс телефоны : 8 (7172) 70 95 00, ішкі нөмір: 31-171.