Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы

Құрметті студенттер!

«Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №410/57- V шешіміне сәйкес қоғамдық көлікте жүруге 50 %  әлеуметтік көмек келесі санаттарға беріледі:

1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ең төменгі күнкөріс деңгейі – 24459 тенге, 18 жасқа толмаған барлық отбасы мүшелеріне бөлінеді) шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек мынадай растайтын құжаттарды:

1) университет ректоры Е.Б. Сыдықов және қала әкімі Ә.Ө. Исекешев атына жазбаша өтініш;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтама көшірмесін;

3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушысына жататындығын растайтын анықтаманы;

4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы мәліметтерді (жұмыс істейтін ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түскен кірістер, балалар мен басқа да асыраудағы жандарға алимент түрінде алынатын кірістер).

5) деканаттан анықтама ұсынумен жүзеге асырылады.

Байланыс: 8 7172 709462 немесе Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімашілік (бас) ғимаратының 122 каб.