«Азат елдің ономастикасы –ұлттың рухани қазынасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы, «Нұршаңырақ» қоғамдық қоры 2017 жылғы 27 қазан күні Қостанай қаласында «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының 100 жылдығына орай «Азат елдің ономастикасы –ұлттың рухани қазынасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Конференция барысында келесі секциялар бойынша ғылыми мәселелер талқыланбақ:

1.     Қазіргі қазақ ономастиканың өзекті мәселелері;

2.     Ономастика және ұлттық рухани жаңғыру.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін nurshanirak@gmail.com, sauleait@mail.ru электронды пштасына 4-7 бет көлеміндегі мақала жіберу қажет. Конференция қатысушылардың шығыны өз тарапынан. Мақаланы жариялау және жинақтың PDF нұсқасы тегін беріледі.

Байланыс: 8 702 917 24 47, 8 771 856 26 08.

Ақпараттық хат