«Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге 2017 жылғы 21 қыркүйекте «Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» (бұдан әрі – Конференция) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияда Қазақстандағы инклюзивті білім берудің дамуына байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелері қарастырылады.

Қатысуға отандық және шетелдік ғалымдар, инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру және оқыту ұйымдары, жалпы білім беретін және арнайы мектептер) педагогтері, жоо және колледж оқытушылары, білім басқармаларының (бөлімдерінің) инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін мамандары, ҚР Білім және ғылым министрлігіне бағынысты ведомстволық ұйымдарының, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Конференция форматы үш панельдік сессия өткізуді көздейді, онда келесі мәселелер қаралады:

№ 1 панельдік сессия

Проблемалық алаң:

*  Психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті білім берудің негізгі шарты;

* Ерекше білім алу мұқтаждықтары бар балаларды инклюзия жағдайында оқыту тәжірибесі.

№ 2 панельдік сессия

Проблемалық алаң:

  • Инклюзияның білім беру тәжірибесі: технологиялар мен тәсілдер;

  • Білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты білім мазмұнын бейімдеу ерекшеліктері;

  • Инклюзивті білім беру үшін басшы және педагогикалық кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі.

№ 3 панельдік сессия

Проблемалық алаң:

  • Әлеуметтік серіктестік: инклюзивті білім беруді дамытуға ата-аналар қауымдастықтары мен қоғамдық ұйымдардың қатысуы;

  • Мектепте және қоғамда инклюзия жолында толеранттылыққа тәрбиелеу.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылғы 11 қыркүйекке дейін www.nao.kz сайтындағы http://nao.kz/naoconference/registration/5 сілтемесі бойынша тіркеліп, өтінім беру қажет (міндетті түрде тіркелген форма бойынша).

Назар аударыңыздар!

www.nao.kz сайтында тіркелгеннен кейін Конференция материалдары мен сертификатты алғанға дейін логин мен парольді сақтап қою керек.

Мақала мәтіні мен пікірдің сканерленген көшірмесі бір файлмен бекітіледі (архивтелген түрде)!

Сайтта тіркелу 2017 жылғы 3 тамызда басталып, 2017 жылғы 4 қыркүйекте аяқталады.

Материалдарды қабылдау 2017 жылғы 11 қыркүйекте аяқталады.

Қатысу үшін өтінімі мен материалдарын жіберген және қосымша рецензиялаудан өткен барлық қатысушыларға ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін Академияның реквизиттері және Конференцияның бағдарламасы электрондық түрде жіберіледі.

Байланыс телефондары: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, тел. 8 (7172) 576649, 8-701-455-52-26, Академияның сайты www.nao.kz.

 

 

Ақпараттық хат