«Алаш және Рухани жаңғыру: идеялар жалғастығы» тақырыбында Халықаралық ғылыми- танымдық конференция

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Алаш қозғалысы мен Алаш (Семей) қаласының 100 жылдығына арналған «Алаш және Рухани жаңғыру: идеялар жалғастығы» тақырыбында Халықаралық ғылыми- танымдық конференция өткізеді. Конференцияда Алаш (Семей) қаласы мен Алаш қозғалысының тарихи даму эволюциясы мен ұстанымдары, деректанулық және методологиялық негіздері талқыланады.

Конференция 2017 жылдың 22 қыркүйегінде Семей қаласының Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театрында өтеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Алаш мұраттары және Тәуелсіз Қазақстан.

2. Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі теориялық және методологиялық тұжырымдар.

 3. Саяси үдерістер тоғысындағы Алаш (Семей) қаласы: тұлғалар, оқиғалар және деректер.

4. Алаш қозғалысындағы тұлғалар тарихының беймәлім беттері.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін көрсетілген r.d.akhmetova@mail.ru, karieva77@mail.ru электрондық мекен-жайға және келесі құжаттар жіберуіңіз қажет:

1. Мақала мәтіні 5 беттен аз болмауы тиіс (мақаланың мазмұны конференцияның тақырыбына сәйкес болу қажет );

2. Қатысуға өтінім (форма бойынша).

Конференция материалдары жинаққа енгізіледі. Шығарылуы тегін.

Байланыс:

+7(7222) 31-82-99 Ғылым бөлімі,

+77753025816 Ахметова Раушан Дюсенбековна, т.ғ.к., доцент,

+77783208851 Кариева Тоты Амангелдіқызы, т.ғ.к., доцент.

Ақпараттық хат