«ХХІ ғасырдағы Ұлыбритания және Қазақстан-Британ қатынастары» атты халықаралық кездесу

31 тамыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Талдау орталығы «ХХІ ғасырдағы Ұлыбритания және Қазақстан-Британ қатынастары» тақырыбында халықаралық кездесу өткізеді.

Негізгі баяндамашы – Ұлыбританияның Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі, Сэр Алан Дункан, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі, қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың жай-күйі туралы және Ұлыбританияның осы жүйедегі рөлі мен орны туралы өз пікірлерімен бөлісетін болады. Қазақстан-Британ қатынастарының жиырма бес жылдық кезеңін бағалауға ерекше назар аударылатын болады.

Мемлекеттік министр Сэр Алан Дунканның жауапкершілік салалары Солтүстік және Оңтүстік Америка (соның ішінде Куба), Еуразия (ТМД елдері мен Түркияны қоса) НАТО және еуропалық қауіпсіздік, қорғаныс және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін қамтиды.

Осы салаларға байланысты сұрақтарды жиынға қатысушылар баяндамашы сарапшыға жолдай алады, өз кезегінде конференция «Назарбаев орталығы» үшін дәстүрге айналған ашық пікірталас үлгісінде өтеді.

Қатысушыларды тіркеу: сағат 9:00

Шараның басталуы: сағат 10:00

Мекен-жайы: Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі (бұрынғы Еңбекшілер), 10, «Назарбаев орталығы» ғимараты (ғимаратқа тек рұқсатнама арқылы кіруге болады).

Конференцияға қатысуға ниет білдірген жағдайда 2017 ж. 28 тамызына дейін оны растауыңызды және қатысатын адамдар тізімін келесі телефон нөмірлері және эл.пошта арқылы жіберуіңізді сұраймыз: +7 7172 75-12-75, sembayeva@research-akorda.kz, sembayeva_my@plibrary.kz (Махаббат Сембаева).

 

Ақпараттық хат