«Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар — ғылым қызметкерлерімен қатар, құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдарының қызметкерлері, мамандар мен сараптамашылар,  оқытушылар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалым құқықтанушылары қатыса алады.

Конференция жұмысы келесі басты бағыттар бойынша жоспарланып отыр:

1.         Құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері.

2.         Қазақстан Республикасында және шетелдік елдерде қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық саясатты жүзеге асырудың заманауи үрдістері мен проблемалары.  Құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алуы.

3.         Қылмыстық істер бойынша заманауи сотқа дейінгі іс жүргізулерді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігі.

4.         Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы және денешынықтыру  даярлықтарын жетілдіру. 

5.         Заңгердің заманауи болмыстағы құқықтық тәрбиесі мен тіл мәдениеті.

6.         Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет.

7.         Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс және ағылшын .

Ұсынылған материалдар конференция жұмысы басталғанға дейін жарияланады.

Қатысу шарты: конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей, ұйымдастыру комитетіне өтінім (өтінім үлгісі ұсынылады) мен мәтінді қағазға басылған және электронды тасымалдағыштар түрінде жолдау қажет.

Конференция қатысушылары тегін жариялана алады.

Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.

Жүріп-тұру, тамақтану шығындары конференция қатысушысының есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Курсанттар тас жолы  – 1, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе  заң институты. Қосымша мәліметтер алу үшін +7(7132) 98-80-37 телефоны бойынша (эл.почта: ooniirir@yandex.ru; rina_okp@mail.ru) хабарласа аласыз.

 

 

Ақпараттық хат