«Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты III Халықаралық ғылыми конференция

Құрметті әріптестер!

Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana Сізге өзінің айрықша құрметін білдіре отырып, «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты III Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2017 жылдың 15 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді. Конференцияға әлемнің жетекші университеттерінің танымал ғалымдары, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады.

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТТАРЫ: Біз «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты ІІI Халықаралық ғылыми конференциясын өткізу мақсаты ретінде көптеген отандық және шетел ғылыми- зерттеу топтары арасында сұхбат пен интеграциялау алаңың құру және геномдық және дербес медицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы заманауи инновациялық жетістіктерді талқылауды көздеп отырмыз. Аталмыш конференция биомедицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, мультиомдық технологиялар, биоинформатика мен жүйелік биология жетістіктерін практикалық медицинада қолданысын кеңейтуге шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ:

1. Мультиомдық зерттеу технологиялары және олардың қолданылуы

2. Биоинформатика және жүйелік биология

3. Дербес медицина саласының жетістіктері мен болашағы

4. Фенотиптеу

5. Медициналық генетика

6. Геномика

7. Мәліметтер анализі

8. Микробиом және предиктивті медицина

9. Фармакогеномика

10. Биобанк

11. Клеткалық технологиялар

 12. Эпидемиология

13. Денсаулық детерминанттары

Конференцияның ресми тілдері: ағылшын

Конференцияның бағдарламасы және жұмыс кестесі конференцияның ресми сайтында орналасқан.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ: https://nla.nu.edu.kz/en/cls/conferences/international-conference-on-personalized-medicineand-global-health-3

Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 53, Назарбаев Университеті (өтетін орны туралы кешірек хабарланады)

АВТОРЛАР НАЗАРЫНА: Тезистерді және конференцияға қатысу өтінімдерді конференция бағытын белгілеп келесі электронды поштаға жолдаңыз: pm@nu.edu.kz Тезистер тек ағылшын тілінде қабылданылады. Тезистер авторлар редакциясында, қосымша түзетулерсіз жарияланады. Авторлар тезистердің мазмұнына толық жауап береді. Ұйымдастырушы комитеті төмен сапалы тезистерді және редакциясы төмен тезистерді бағдарламаға және конференцияның тезис жинағына енгізбеу құқығын өзінде қалдырады. Қабылданған материалдар қайтарылмайды.

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:

Конференция қатысушыларын онлайн тіркеу : Тіркеу басталуы: 15 маусым 2017 жыл.

Тіркеу аяқталуы: 15 тамыз 2017 жыл.

Өтінім, тезис, баяндама қабылдау: 2017 жылдың 15 тамызына дейін.

 15 тамыздан кейін түскен материалдарды Ұйымдастырушы комитеті қарастырмайды.

Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері:

Максат Жабагин: тел: +7 (7172) 70 92 89, email: maxat.zhabagin@nu.edu.kz

Айнур Ахметова: тел: +7 (7172) 70 93 18, email: ainur.akhmetova2@nu.edu.kz

Мадина Хамзина: тел: + 7 (7172) 70 49 82, e-mail: madina.khamzina@nu.edu.kz

Ақпараттық хат