«Ұлы қазақ ойшылы Қазыбек бидің қызметі мен шығармашылық мұрасы – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған  «Ұлы қазақ ойшылы Қазыбек бидің қызметі мен шығармашылық мұрасы – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  • XYII – XYIII ғ. қазақ-жоңғар қарым-қатынастары;

  • Қаз дауысты Қазыбек би  – мемлекет және қоғам қайраткері;

  • Қаз дауысты Қазыбек бидің рухани мұрасы – болашаққа бағдардың жолы;

  • «Жеті жарғыдан» Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңына дейін».

Конференцияны өткізу  2017 жылдың 22 қыркүйегіне жоспарлануда.

Конференция бағдарламасына толық және ауызша баяндамалар енгізіледі (ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша).

Конференциядағы жұмысты орындау тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысу формасы: күндізгі және сырттай.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен мақаланы kargu2017konf@mail.ru электронды поштасына толтырып жіберу керек. Материалдарды қабылдау мерзімі 2017 жылдың 20 тамызына дейін ұзартылды.

Байланыс телефондары: Инновациялық-технологиялық орталық 8 (7212) 77-04-25, kargu2017konf@mail.ru,  С.С. Қасымов, А.С. Балтабеков.

Ескерту:

Жоғары көрсетілген талаптарға сай келмейтін және бекітілген мерзімнен кейін жіберілген мақалалар қарастырылмайды (2017 жылдың 20 тамызына дейін). Жол ақысы мен жүріп-тұру ақысын конференция қатысушысы өзі төлейді.

 

Ақпараттық хат