«XVII-XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қақтығыстарындағы халық батырларының рөлі: қазақ бірегейлігінің қалыптасуы» атты халықаралық ғылыми конференция

2017 жылы 22-23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында Есет батыр Көкіұлының (1667-1749 жж.) 350 жылдығына арналған «XVII-XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қақтығыстарындағы халық батырларының рөлі: қазақ бірегейлігінің қалыптасуы»  тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына қатысуға тарихшылар, археологтар, этнологтар, этноархеологтар, өнертанушылар, музей ісінің мамандары, аралас пәндер өкілдері ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері және барлық қызығушылық танытушы тұлғалар шақырылады.

Конференцияның ресми тілі: қазақ,орыс.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары келесі секциялар бойынша жоспарланған:

Секция 1. XVII-XVIII ғғ. Орталық Азиядағы саяси оқиғалардың аспектілері;

Секция 2. Батырлық институты және қазақ-жоңғар қақтығыстарындағы халық батырларының ролі;

Секция 3. Есет батыр Көкіұлы және оның Қазақстан тарихындағы орны;

Секция 4. XVII-XVIII ғғ.Батыс Қазақстан және іргелес аймақтардың тарихы мен мәдениеті;

Конференция шеңберінде Есет батыр Көкіұлының мемориалды кешеніндегі Есет батыр Көкіұлының (1667-1749жж.) 350 жылдығына арналған салтанатқа қатысу жоспарлануда.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келесідегі үлгімен ресімделген баяндамалар мәтінін жіберу қажет.

Ұйымдастырушылар конференцияның басталуына дейін мақалалар жинағын шығаруды жоспарлап отыр.

Конференцияның бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастырушылардың мекен-жайына қатысушының тіркелу үлгісін жіберуі қажет.

Конференция жұмысына қатысуыңыз туралы және баяндамаңыздың тақырыбын 2017 жылдың 1 тамызына дейін ұйымдастырушы комитетке жіберуіңізді өтінеміз.

Баяндамаларды төмендегі мекен-жайға жіберу сұралады:

Қазақстан, 030006, Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі 14, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі («Конференция Актобе 2017») немесе e-mail: Eset_350@list.ru

Іс сапар шығыны:Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың қонақжай мен байланысты шығынын көтеруді жоспарлап отыр. Қажет болған жағдайда жіберуші мекемелерде іссапар құжатының ресімделуі үшін, ұйымдастыру комитеті қатысушыға арнайы шақыртуды Музейдің ресми бланкісімен жібереді.

Байланыс телефондары: 8 (7132) 23-76 29, ғылыми-ұйымдастыру сұрақтарын шешу үшін: Бекназаров Рахым Ағыбайұлы – Қ.Жұбанов ат.АӨМУ проректоры, т.ғ.д., e-mail: r.beknazarov@gmail.com, ұялы тел.: моб.: +7 701 352 19 90

Дүйсенғали Мейрам Нұрланұлы- АОТӨМ директоры

e-mail: duisengalimeiram@mail.ru, ұялы тел.: + 7 701 384 46 09.

Ақпараттық хат