«Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар, ғылым қызметкерлерімен қатар құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдарының қызметкерлері, мамандар мен сараптамашылар, оқытушылар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалым құқықтанушылары қатыса алады. Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланып отыр:

1.     Құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері;

2.     Қазақстан Респбуликасында және шетелдік елдерде қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық саясатты жүзеге асырудың заманауи үрдістері мен проблемалары. Құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алуы;

3.     Қылмыстық істер бойынша заманауи сотқа дейінгі іс жүргізулерді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігі;

4.     Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы және дене шынықтыру даярлықтарын жетілдіру;

5.     Заңгердің заманауи болмыстағы құқықтық тәрбиесі мен тіл мәдениеті;

6.     Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет;

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Ұсынылған материалдар конференция жұмысы басталғанға дейін жарияланады. Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей, ұйымдастыру комитетіне өтінім мен мәтінді жолдау қажет. Конференция қатысушылары тегін жариялана алады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы,Курсанттар тасжолы,1, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты.

Байланыс:  +7 (7132) 98-80-37

E-mail: ooniirir@yandex.ru; rina_okp@mail.ru

Ақпараттық хат