«Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасын институцияландыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылғы 21 қыркүйекте ПМПИ-дің 55 – жылдығына арналған «Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасын институцияландыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Аталған шараға білім беру мекемелерінің, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің білім және ғылым саласының өкілдері ғалымдары шақырылады.

Конференцияның мақсаты: жоғары педагогикалық мектептің инновациялық білім беру ортасын институционализацияландыру мәселелері мен болашағы талқыланатын болады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі түрлендіру үрдістері.

2. Түрлендіру үрдістері мәнмәтініндегі педагогикалық білім берудің мазмұны.

3. Педагогикалық білім беру сапасын институцияландыру.

4.     Инновациялық-зерттеу ортаның институцияландыруы әлемдік ғылыми-білім беру нарығына кіру жағдайы іспеттес.

5.    Инновациялық білім беру моделі негізінде педагогикалық ЖОО дамуының басқару жүйесін жетілдіру.

Конференция шеңберінде пленарлық, секциялық отырыстар, «Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар» атты семинардың өткізілуі қарастырылады. Семинар тақырыптары оқу үдерістерінде инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерінің өзекті мәселелерін қарастыруға арналған. Семинар қатысушыларына сертификат беріледі

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысының басталуына электрондық жинақ және ғылыми мақалалар шығару жоспарлануда.

Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге. Конференцияға келуге қатысты шығындар қатысушылардың есебінен жасалады.

Конференцияға қатысу үшін материалдарды 2017 жылдың 10 тамызына дейін өтінімнің толтырылған тіркеу үлгісін, баяндамалар тезистерінің басылып шығарылған формаларын және электронды түрде мына мекенжайға жолдауларыңызды сұраймыз: 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60-үй, 105 кабинет, ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөліміне, тел.: 8 (7182) 65-16-12, conference_pgpi@mail.ru.

 

Ақпараттық хат