Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған «Конституция-қоғам мен мемлекетті жаңғырту» атты халықаралық конференция өтеді.
Конференция жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың, шет елдердің конституциялық бақылау органдарының өкілдері, сондай-ақ танымал ғалымдар қатысады.
Форумның ашылуы 29 тамыз күні (Radisson Astana қонақ үйі, Сарыарқа залы), ал жалғасы және жабылуы – 30 тамызда (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Қазақ гуманитарлық заң университеті) өтеді. Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 747628, 747623, 747621
Факс: 747651
e-mail: Sharipova@ksrk.gov.kz, Sadyrbekova@ksrk.gov.kz, Akhanova@ksrk.gov.kz, okr@ksrk.gov.kz.