«Алаш автономиясы – ұлттық тәуелсіздіктің негізі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Назарбаев университет 2017 жылдың 25-26 қазанында Алаш ұлттық автономиялық республикасының 100 жылдығына орай өткізілетін «Алаш автономиясы – ұлттық тәуелсіздіктің негізі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.

Конференция барысында келесі секциялар бойынша ғылыми мәселелер талқыланбақ:

1. Қазіргі Алаштанудың ғылыми-әдіснамалық мәселелері; 

2. Алаш Ренессансы және ұлттық рухани жаңғыру.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 

Конференция материалдарын жариялау үшін 2017 жылдың 10  қыркүйегіне дейін дейін sagymbai.zhumagul@mail.ru электронды поштасына 5-7 бет көлеміндегі мақала жіберілу қажет.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

«Алаш» мәдениет және рухани даму институты. Байланыс телефондары: 8 771 111 6832; 8 701 180 2567; 8 707 520 3458.

 

 

 

Ақпараттық хат