«Қазақстандағы шығыстану ғылымы және рухани жаңғыру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚР БҒМ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2017 жылы 22 қыркүйекте көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР Жоғары Мектеп Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлінің 70-жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы шығыстану ғылымы және рухани жаңғыру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференция бағдарламасы төмендегідей секциялардан тұрады:

1.   Қазақстан мен Орталық Азия деректануы мен тарихнамасы

2.   Қазақстанның шығыстану ғылымындағы шығыс филологиясының рөлі

3.   Қазақстан мен Орталық Азияның ортағасырлық көрнекті ойшылдары мен тұлғалары: мәні мен мaңызы

4.   Қазақстандағы дін және қоғам: ынтымақ пен бірлік мәселелері

5.   Рухани жаңғыру мен қазіргі ғалам

Конференцияға Қазақстан мен шет елдердің белгілі шығыстанушы ғалымдары, филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, дінтанушылар, саясаттанушылар, дипломаттар, мемлекеттік билік органдары, мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Конференция жұмысына қатысуға шақырамыз және 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мақалалардың мәтінін жіберулеріңіз қажеттігін ескертеміз.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдері.

Баяндама соңында түйін жасалады: баяндама орыс тілінде жазылған жағдайда – қазақ және ағылшын тілдерінде; баяндама қазақ тілінде жазылған жағдайда – орыс және ағылшын тілдерінде.

Қолжазбаға тегі, аты-жөні, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі, қаласы, елі, сондай-ақ, электрондық мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген авторлар туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

Ұйымдастыру ұжымы мәлімделген тақырыптама мен рәсімдеуге қойылған талаптарға сай емес баяндамаларды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Ұйымдастыру ұжымы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29,

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты. Конференцияның өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, Әл- Фараби кітапханасы

Конференцияның жауапты хатшысы:

Батырхан Болатбек Шәденұлы –  тел.: 8 (727) 261-26-13; 8 701 152 98 48, 261-16-01; факс 261-46-00;  e-mail: orientalstudies.kz@gmail.com

 

Ақпараттық хат