«Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, амандық және инновация» атты тақырыпта IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Назарбаев Зяиткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2017 жылдың 26-27 қазанында «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, амандық және инновация» атты тақырыпта IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Биылғы жылдың Конференциясында өзінің қатысуын растаған төмендегі халықаралық спикерлердің баяндама оқуы жоспарлануда: 

  • Юри Белфали, ЫЭДҰ Білім департаменті Ерте балалық шақ пен мектептер бөлімінің жетекшісі (Франция), PISA (Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) және TALIS (Оқу мен оқыту сұрақтары бойынша халықаралық зерттеу бағдарламасы) кең ауқымды зерттеулерінің үйлестірушісі;

  • Тим Оутс, Кембридж Университетінің емтихандық кеңес бөлімшесінің зерттеулер және әзірлемелер тобының басқарушысы (Ұлыбритания), куррикулум және бағалау саласындағы сарапшы, ұзақ жылдар бойы Ұлыбритания Үкіметіне білім беру саласындағы саясат пен реформалар бойынша консультациялар өткізген; 

  • Ян Ванг, Ұлттық педагогикалық институтының Халықаралық тәжірибе алмасу департаментінің директоры (Қытай), «Үлкен жиырма елдеріндегі білім берудің трендтері» еңбегінің, білім беру саласындағы отыздан астам сапалы және сандық зерттеулердің авторы; 

  • Фил Ламберт, Сидней университеті Білім мен әлеуметтік қызмет мектебінің профессоры (Австралия); Сидней білім департаментінің  жетекшісі болған кезде, мектеп көрсеткіштері әлдеқайда жоғарылаған болатын; 

  • Гордон Ньюфелд, Ньюфелд Институтының негізін қалаушы (Канада), жастық психологияның жетекші өкілі, «Не упускайте своих детей» бестселлерінің авторы. 20 жыл бойы Британдық Колумбия Университетінде жеке тұлға теориясы, даму психологиясы және атаана-бала қарым-қатынасы бойынша оқу курстарында дәріс оқыған;

  • Кэролин Адамс, Халықаралық Бакалавриат ұйымының стратегиялық даму мен жүзеге асыру бойынша директоры, бағалау мен куррикулумды дамыту саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар;

  • Хари Энтони Патринос, Білім саласындағы инвестицияның қайтарымдылығы мен экономикалық көрсеткіштері саласындағы Дүниежүзілік банктың Білім бөлімінің маманы. «Жаңа экономика жағдайындағы өмір бойы білім алу» баяндамасы бас авторларының бірі және академиялық және саяси тақырыптарға жазылған басылымдардың, соның ішінде ғылыми журналдарда жарық көрген 40-тан астам мақаланың авторы. 

Сонымен қатар, білім беру мен психология саласындағы жетекші сарапшылардың, атап айтқанда, Гарвард университеті профессоры Паси Салберг, Стэнфорд университетінің профессоры Линда-Дарлинг Хаммонд, Сингапурдағы Ұлттық білім институтының басқарушысы Он Сенг Тан және де Пенсильвания университеті профессоры Мартин Селигманның баяндама оқуы жоспарлануда.

Өткен жылдағыдай, осы жылы да конференцияда баяндама оқуға өтініш онлайн жүйе арқылы http://conferences.nis.edu.kz/ сайтында қабылданып, одан кейін ДББҰ Академиядық комитетімен қарастырылады. Конференция қатысушылары үшін тіркелу  үдерісі де онлайн жүзеге асатын болады.

Конференция түрлі формат арқылы жүзеге асады: негізгі баяндамалар, презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік талқылаулар, семинарлар, постер сессия мен білім беру ресурстарының көрмесі.

 

Ақпататтық хат