Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне және Елорданы Астанаға көшірудің 20-жылдығына орай Астана қаласында 2017 жылғы 28 қарашада «Бірегейлік пен бірлік: қазақстандық жол және Н. Назарбаевтың үлгісі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияда тарихи, саяси, философиялық, мәдениеттік, психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және қазақстандық бірегейлікті жаңғырту мәнмәтінінде қоғамдық сананың өзге де тұстары келесі бағыттар бойынша талқыланбақ:
1. Ұлттық код: мәдени бірегейлікті сақтау.
2. XXI ғасырдағы бірегейлік: ұлттық және этникалық.
3. «Назарбаев үлгісі»: әлемдік процестер тұрғысындағы қазақстандық тәжірибе.
4. Түркі көшпенді өркениетінің экологиялық мәдениеті.
5. Қазақстанның мәдени мұрасы ұлттық бірліктің өзегі іспетті.
6. Ұлттық сананың таптаурындары: еңсерудің мүмкін жолдары.
7. Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың эволюциялық үлгісі: тарих ортақтығынан Болашағы Біртұтас Ұлтқа қарай.
8. Сананың ашықтығы және ұлттық сәйкестілікті сақтау: қайшылықтар мен шешімдер.
9. Этникалық бірегейлік, тіл, графика: тарихи коннотациялар және қазіргі заманғы үлгілер.
10. «Туған жер» жобасы мен Қазақстанның қасиетті географиясы бірегейлікті қалыптастырудың практикалық жолдары ретінде.
Конференция жұмысына қатысу үшін 2017 жылғы шілденің 1 дейін өтінімдерін және 2017 жылғы тамыздың 1 дейін баяндамалардың тезистерін мына электрондық мекен-жайға жіберу қажет: Telebayev_GT@plibrary.kz; konfer_bpp@mail.ru.