«Конституция және қоғам мен мемлектті жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (заң факультеті) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесімен бірлесіп ЕҰУда (Астана қ. Сәтбаев көшесі, 2 үй) 2017 жылдың 30 тамызында Конституция Күніне арналған «Конституция және қоғам мен мемлектті жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетіндігін хабарлайды.

Конференция жұмысы келесідей секциялардан тұрады: құқықтану және халықаралық құқық. Конференция келесідей бағыттардағы жұмыстарды қамтиды:

1.      Қоғам мен мемлекетті жаңғыртудың теориялық және құқықтық аспектілері.

2.      Мемлекет пен қоғамның жаңғыруы аясында азаматтық және экологиялық заңнаманы реформалау.

3.      Қылмыстық саясатты жаңғырту және ұлттық қауіпсіздік.

4.      Мемлекет және қоғамды жаңғырту тұрғысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына xалықаралық және англосаксондық құқық нормаларын имплементациялау.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, министрліктердің, ведомстволардың, шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, шетелдердің және еліміздің белгілі ғалымдары қатысады.

Халықаралық конференция қатысушыларының ғылыми мақалаларының жинағын   ISBN  мәліметтерімен жариялау жоспарлануда. Конференцияға сырттай және тікелей қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Өзге қалалардан келіп конференцияға қатысушылардың шығындары конференцияға жіберген тараптың өз есебінен қамтамасыз етіледі.

Конференция 2017 жылы 30 тамызда сағат 10.00-де ашылады. Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2017 жылы 30 тамызда сағат 09.00-09.45 аралығында «Күлтегін» атриумында жүргізіледі.

Жариялануға ұсынылған барша материалдардың авторлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде заң ғылымының түрлі салаларының ғылыми, академиялық және тәжірибелік мәселелері бойынша еңбектерін ұсынуы қажет.

 

Ақпараттық хат