Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті философия кафедрасы 2017 жылдың 26-30 маусымы аралығында «Мәңгілік Ел – Ұлы дала философиясы» тақырыбында кезекті жазғы мектеп өткізетіндігін хабарлайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті философия кафедрасы 2017 жылдың 26-30 маусымы аралығында «Мәңгілік Ел – Ұлы дала философиясы» тақырыбында кезекті жазғы мектеп өткізетіндігін хабарлайды.

Жазғы мектеп бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласы негізінде талданады.

Жазғы мектеп мақсаты:

– «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясынан туындайтын философиялық құндылықтар туралы жүйелі білім беру;

– Жеке адам мен тұлғаның, ұлт пен ұлыстың (қазақтың), қоғам мен мемлекеттің және жалпы адамзаттың дамуындағы дәстүрдің рөлін философиялық тұрғыдан жан – жақты ашып көрсету;

– Бәсекелестікті қалыптастырудың басты факторы ретінде «кәсіп», «байлық», «ақша» ұғымдарына ұлт санасында ескі қоғамда қалыптасқан «жат» ұғымдардан арылту;

– “Қазақ қызы” идеясын зерделеу және қазақ қызы бейнесін сомдау;

– коммуникациялық технологиялардың тиімді әдістерін анықтау;

– қоғамның жетілуі үшін дәстүр философиясының орнын айқындау.

Жазғы мектепті өткізудің әдістемесі: интерактивті әдіс арқылы дәріс оқылып, слайд, бейне жазба көрсетіледі. Алдын ала тақырыптар бойынша ақпаратық материалдар таратылады. Іскерлік ойын, дискуссия, шағын топтармен жұмыс жүргізіледі.

Жазғы мектептің өткізілу ұзақтылығы: 2017 жылдың 26-30 маусым күндері сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін әлеуметтік ғылымдар факультетінің мәжіліс залында өтеді.

Жазғы мектепке қатысушыларға соңында сертификат беріледі.

Алдын ала өтінім беруі үшін байланыс телефондар: +7 747 0141018 – Мұқыш Қаршыға Серікұлы, +7 705 7310324 – Уксукбаева Маржан Тұрғанбайқызы.

Өтінімдерді қабалдаушы: mukush@mail.ru, mery-7878@yandex.kz.   

 

Ақпараттық хат