«Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы жағдайында ғылыми-зерттеушілік және білім беру тәжірибесі әдіснамасының дамуы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 2017 жылдың 13-14 қазан айында «Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы жағдайында ғылыми-зерттеушілік және білім беру тәжірибесі әдіснамасының дамуы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты: Жоғары білім беру жүйесіндегі әдіснамалық және теориялық мәселелерді талқылау. Ғылыми зерттеу әдіснамасының даму мәселесі бойынша ғалымдардың, магистранттардың заманауи тәжірибелерінің зерттеулерінің нәтижесі туралы ғылыми ақпаратпен алмасу, зерттеулер мен ғылыми танымдардың әр түрлі дейгейлерін қарастыру.

Конференцияға қатысуға жоғары, орта, кәсіби-педагогикалық білім беру мекемелерінің оқытушылары, ғалымдар, мектеп мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, біліктілікті көтеру орталығының педагог мамандары, социологтар, психологтар, докторанттар және магистранттар шақырылады.

Конференция педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Т. Таубаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

1.      Қазақстан ғалымдарының педагогика әдіснамасын дамытуға қосқан үлесі.

2.      Педагогикалық ғылымтану, педагогиканың әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері.

3.      Ғылым мен білім берудегі парадигмалық тұғыр: ойластыру және жүзеге асыру.

4.      Тәрбиенің гуманитарлық әдіснамасы және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесі.

5.      Жастарды рухани жаңғырту жағдайындағы педагогтің зерттеушілік мәдениеті.

6.      Тұлғаның рухани-адамгершілік өсуі аясында зерттеушілік оқыту

7.      ЖОО-да инновацияға бағдарлы білім беру.

8.      Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Т. Таубаеваның еңбектеріндегі ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесінің дамытылуы.

Конференция жұмысына қатысу туралы өтініш пен баяндама материалдары 2017 жылдың 5 қыркүйегіне дейін, тіркелген нысан бойынша  pedagogika102017@gmail.com  электрондық пошта арқылы Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберілу қажет:

  • Өтініш;

  • Электрондық түрдегі баяндаманың материалдары (баяндама материалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беруге болады).

  • Ұйымдастырушылық жарнаны төлегендігі жөніндегі түбіртек көшірмесін жоғарыдағы көрсетілген электронды поштаға жіберу керек.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Ұйымдастырушылық жарнаның сомасы – 4000 теңге.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы, Масаншы Бөгенбай батыр қиылысы, Философия және саясаттану факультеті, 408 бөлме.

Тел.: 2925717, ішкі 2121 – педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы.

Қосымша ақпарат бойынша: +7 775 2141253 – Уміт.

 

Ақпараттық хат