«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 25 жыл: дамудың қорытындылары мен келешектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2017 жылы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 25 жыл: дамудың қорытындылары мен келешектері» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Осы конференцияда келесі секциялар жұмыстары жоспаралануда:

1.       Қоғам және мемлекет мүдделерін қорғау бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі.

2.       Қазақстанның ішкі істер органдары кадрларын кәсіби даярлау жүйесі және инновациялық үдерістерді енгізу және дамыту аясында білім және ғылымды әрі қарай жетілдіру.

3.       Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік заңнамасын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу және әкімшілік-юрисдикциялық қызметінің өзекті мәселелері.

4.       Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру және іске асыру мәселелері.

5.       Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында жедел іздестіру қызметін ғылыми және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету.

6.       Қазақстанның үшінші жаңғыруы: саяси реформалар, экономикалық және рухани жаңғыру

Конференция жұмысына дейін конференцияның материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда. Конференцияға қатысу үшін Сізден 2017 жылғы 15 маусымға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ҒЗжРБЖҰБ-не (ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі) баяндаманың данасын (көрсетілген нысан бойынша) жіберуіңізді сұраймын. E-mail: rio.kui@mail.ru.

Конференцияны ұйымдастыру бойынша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефондар арқылы алуға болады:

  • Жұмыс тел.: +7 (7142) 255280 (ішкі 120), ұялы тел.: +7 777 57313617, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Табулденов Әлібек Нұрмағамбетұлы.

  • +7 778 6898150 – ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері полиция майоры Сарсенова Камила Әлжапарқызы.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., 110005, Абай даңғылы, 11, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

 

Ақпараттық хат