29 мамырдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің қабылдау комиссиясы ресми түрде өз жұмысын бастайды

2017 жылдың 29 мамырында  Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің қабылдау комиссиясы жұмысының ашылу салтанаты өтеді.

Университеттің қабылдау комиссиясы барлық білім деңгейлері мен  дайындау бағыттарына  білім гранты негізінде және ақылы негізінде үміткерлерді оқуға қабылдау, қабылдау емтихандарын жүргізу  және құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру үшін құрылады.

Қабылдау комиссиясының жұмыстарын ағымдағы оқу жылында жаңа форматта ұсынамыз, бұл, ең алдымен:

–      Электрондық қызмет көрсету жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады;

–      Электрондық тіркеу жүйесі арқылы әрбір талапкер өздерінің деректерін өз бетінше университеттің жергілікті желісі арқылы және кез-келген қашықтықтан, үйден интернет арқылы енгізуіне мүмкіндік беріледі;

–     Техникалық хатшыларға құжаттарды беру «электрондық кезек» тәртібімен талонды бере отырып, университет терминалы арқылы жүзеге асырылады;

–    «Callcenter» жұмысы –  кеңестік көмек беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында барлық мүдделі тұлғаларға (ата-анасы, талапкерлерге, туыстары және т. б.) сапалы және жедел қызмет көрсету.

Біздің университет студенттерінің саны талапкерлердің қабылдануына байланысты,  сол себептен  техникалық хатшылар құрамына университеттің  ең тәжірибелі, білікті қызметкерлері енгізілді.