Назарбаев Университетінде ABC Quick Start екінші акселерациялық бағдарламасы басталуда

2017 жылы 20 мамырда Astana Business Campus стартап-компанияларға, өнертапқыштар мен инноваторларға арналған ABC Quick Start екінші акселерациялық бағдарламасын бастауда.

Шараның басты ұйымдастырушысы «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ болып табылады. Бағдарламаның басты серіктестері – Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ.

Назарбаев Университеті мен Астана әкімдігінің белгілеген міндеттері негізінде екінші акселерациялық бағдарламаның инновациялық шешім саласында келесі бағыттар анықталды:

  • биомедицина;

  • жасыл технологиялар (cleantech);

  • ақылды қала технологиялары (smart city solution).

АВС Quick Start  – бұл ерте кезеңдегі бизнес жобаларды қолдауға бағытталған,  қысқа мерзімде жобаның қарқынды мен нәтижелі дамуын қамтамасыз ететін бірегей қарқынды бағдарламах. Нарыққа жылдам шығу үшін жобаға барлық қажетті құралдар ұсынылады: инвестициялау, инфрақұрылым, сарапшылық пен ақпараттық қолдау. Бағдарламаның ұзақтығы – 6 апта.

Бағдарлама шеңберінде қатысушылар келесі бірегей мүмкіндіктерді ала алады:

  • инновациялық жобаны қалыптастыру;

  • оны іске асыруға инвестициялар тарту;

  • нарыққа жаңа өніммен шығу.

Бағдарламаның соңғы бөлімінде қазақстандық пен шетелдік венчурлық қорлардың қатысуымен инвестициялық сессия ұйымдастырылады.

Байқау шеңберінде пайда болған шешімдер қала аумағында практикалық іске асыру мүмкіндігіне ие болады.

Қатысуға айтылмыш бағыттардағы бірегей инновациялық шешімдері бар бастаушы стартап-компаниялар мен жастар шақырылады. Қатысушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс. Қатысу үшін міндетті шарттың бірі – командада ағылшын тілін білетін спикердің бар болуы.

Акселерациялық бағдарламада қатысу ТЕГІН. Алдын-ала тіркелу www.start.businesscampus.kz сайтында жүзеге асуда. Бүкіл анонстар мен шаралар Astana Business Campus пен Астана Innovations Facebook парақшаларында орын алады.

Бағдарлама Назарбаев Университетінің заманауи жабдықталған Технопаркінде орын алады. Қазіргі таңда Astana Business Campus негізінде сырттан келген компаниялар үшін бір қатар коммерциялық қызметтер, жобаларды қолдауға бағытталған шаралар кешені және резиденттері үшін аса сапалы қызметтер көрсетіледі.