25 мамыр күні «Қоғамдық сананы жаңғырту және тарих ғылымындағы жаңа міндеттер» тақырыбында кезекті IV Конгресі өтеді

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда, соның ішінде кәсіби тарихшылар мен гуманитарлық сала мамандарының үлкен рухани сілкінісін туғызды.

Бұл орайда Тарихшылар ұлттық конгресі «Қоғамдық сананы жаңғырту және тарих ғылымындағы жаңа міндеттер» тақырыбында кезекті IV Конгресін өткізеді.

Конгреске республикамыздың тарих-гуманитарлықғылымдарсаласының көрнекті өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысады деп күтілуде.

Конгресті өткізу барысында Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту мен рухани жаңғыруға байланысты жаңа тағдыршешті бастамалары мен еліміздің білім жүйесі мен тарих ғылымындағы  шешімін күткен мәселелерді іске асыруға байланысты шаралар жоспарланады.

Шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылдың  25 мамыр күні сағ. 10.00-де (Астана қаласы,  Қ. Сәтбаев көшесі 2, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысы аудиториясында) өтеді.

Ғылыми форум барысындағы жұмыстар келесідей бағыттар бойынша ұйымдастырылады деп жоспарлануда:

1.     Қоғамдық сананы жаңғырту және рухани жаңару;

2.     Ұлттық код мәдени белгі мен құндылық ретінде;

3.     Отандық тарих ғылымы мен біліміндегі өзекті мәселелер;

4.     Латын тіліне көшу – рухани жаңғырудың негізі;

5.     «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» бағдарламасы туралы.

6.     «Туған жер» бағдарламасының міндеттері және оны іске асыру жолдары.

7.     Қазақстандағы діни қасиетті орындар.

8.     Жаһанданудағы қазіргі ұлттық мәдениет.

9.     «Қазақстандағы 100 жаңа есім» Президенттік бағдарламасы.

Пленарлық отырыстан кейін ғылыми секциялар өткізіледі:

1.     Тарих ғылымының бүгінгі  жағдайы: тәжірибе, өзекті мәселелер және оның шешілу жолдары;

2.     Археология және этнология, мұражай және мұрағат ісі;

3.     «Қазақстан тарихы» пәнін мектепте оқыту және өлкетану жұмыстары (отантану).

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын .

Конференцияға қатысу формасы –іштей және сырттай.

Форум соңында конференция материалдары жинағы беріледі деп жоспарлануда.

Конференцияға келу шығыны қатысушы тарап есебінен жүргізіледі.

Конференция жұмысына қатысу үшін тіркелу үлгісі мен баяндамаларыңызды 2017 жылдың 25 мамырына дейін мына электрондық мекен-жайға bbrzh2017@gmail.com жіберуіңізді сұраймыз. 

Ақпараттық хат